Биылғы күз бұрынғыдан өзгерек! Өйткені алдағы 2 ай әдеттегіден жылы болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі айтты. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, қазанда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы 1-2 градусқа жоғарылайды. Мұндай көрсеткіш Шығыс Қазақстан мен Солтүстікте де күтіліп отыр екен. Қараша айы да жылы болмақ. Ара-тұра жауын-шашын жауып, жел соғуы мүмкін.