Ақтөбелік өрт сөндірушілер отыз шақты көлікті алапат жалыннан сақтап қалды. Богослов тасжолының бойында құрғақ шөптен тұтанған жалын өршіп, автокөлік бөлшектерін шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар тілсіз жаудың жақын тұрған темір тұлпарларға таралуына жол бермеді. От толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.