Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Жол апатынан 4 адам ауруханаға түсті

Тағы бір Зикр автокөлігі жол апатын жасап, салдарынан 4 адам ауруханаға түсті. Бұл жолғы оқиға елордада болды. Шетелдік темір тұлпардың жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне бұрылар сәтте негізгі бағытта келе жатқан қоғамдық көлікке жол бермеген. Қатты соққыдан қытайлық машинаның жүргізушісі мен ішіндегі бір жолаушы, сондай-ақ қоғамдық көліктегі екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы апаттан жапа шеккендердің жағдайы туралы әзірге ешқандай ақпарат бермеді.

← Барлық жаңалықтар