Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Бапкерден ағзаға әсері күшті дәрілер табылды

Петропавлда балаларды жүзуге баулитын жаттықтырушының қалтасынан ағзаға әсері күшті 56 дәрі табылды. Бұл препараттарды ол өзі тұтынды ма, әлде басқа мақсатта пайдаланды ма, ол жағы анықталып жатыр. Қылмыс Ішкі істер министрлігі өткізген «Дәрмек» алдын алу шарасы кезінде әшкереленген. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мың жарымнан астам медициналық мекеме мен дәріхананы, 150-дей кәсіпорынды тексеріпті. Нәтижесінде 250-ге тарта заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылған. Құрамында есірткі заттары бар 28 мың дәрілік препарат айналымнан алынды. Ал бағанағы қызылжарлық бапкер енді 15 жылға сотталуы мүмкін.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында кейбір дәріхана қызметкерлері, сондай-ақ фармацевтикалық қызметке қатысы жоқ өзге де тұлға тарапынан мұндай препараттарды дәрігердің рецептісіз сату фактілері анықталды. Аталған препараттардың кәмелетке толмағандарға сатылуы алаңдаушылық туғызады. Мұндай дәрілер тек рецептпен берілуі тиіс. Өйткені оларды қолдану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

← Барлық жаңалықтар