Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Рестобар өртенді

Түнде Ақтөбенің өрт сөндірушілері аяғынан тік тұрды. Жұрт шырт ұйқыда жатқанда ең жоғары деңгейдегі шақырту дабылы соғылып, қаланың барлық шұғыл қызметтері Астана ауданына қарай ағылды. Олар жеткенде қызыл жалын үш қабатты рестобардың шатырын шытырлатып жатыпты. Мамандардың жанкештілігінің арқасында тілсіз жау сол маңға жақын орналасқан жеке үйлер мен көлік жуу орнына жетпей сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттан екі оттегі баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

← Барлық жаңалықтар