Қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевті тез тауып берген атыраулық хакердің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді. Санжар Әділовтың айтуынша, тергеу аяқталған. Оның барысында хакер жариялаған барлық ақпаратты қызметтік материалдардан алғанын айтыпты. Яғни оның деректер базасына қолы жетпеген. Ал құнды мәліметтердің таралып кетуіне жол берген лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылыпты. Айта кетейін, 32 жастағы азамат Түркияда ұсталып, елге қайтарылған еді. Оған бірнеше рет алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.