Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Осал топтағылар құжаттарына қол жеткізе алмай жүр

Түркістан қаласында облыс әкімінің қолынан жаңа үйлерінің кілтін сән-салтанатымен алған әлеуметтік осал топтағы тұрғындар көмек сұрайды. Сегіз отбасы баспанасына былтыр тамыз айында кіргенімен, әлі күнге дейін құжаттарына қол жеткізе алмапты. Құжат болмағандықтан, дербес есепшоттарын ашқыза алмай жүр екен. Салдарынан коммуналдық қызметтің ақысын төлей алмай, көгілдір отын мен жарықтарын жиі өшіріп кетеді екен. «Тоңазытқыштағы ет пен майымыз бұзылып, рәсуа болып жатыр», – деп налиды ашынған ағайын.

ТҰРҒЫН:

Азанда да өшті свет. Бәрін қояйын десең, қоя алмайсың. Тамақтың бәрі ашып, далаға ысырап болып төгіліп жатыр.

НАҒИМА САПАРОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Құжатымызды ертерек бітіріп беруін сұраймын. Міне, былтыр 29 августта берілген. 3-6 ай деп, міне, 1 жыл 2 ай болды. Бізге осы құжатты заңды түрде берсе деймін. Аптасына 2-3 рет қиып кетеді. Отпускіге шыққан кісі келіп, бастығы бұйрық беру арқылы көз алдымызда сымды қиып кеткен күндер болды.

Ал шенеуніктер бұл жерде ешқандай мәселе жоқ деп сендіруде. Олардың сөзінше, мұқтаж жандарға арналған баспаналар толық демеушілер есебінен салынған екен. Тіпті коммуналдық шығындарды да осы уақытқа дейін сол азаматтар төлеп келіпті. «Үйлердің құжаттарын рәсімдеуге білек сыбана кірістік», – деген олар мәселені алдағы он бес күн ішінде толық шешуге уәде берді.

БАУЫРЖАН ДОСЖАНОВ, ҚАЛА ӘКІМДІГІ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Құжаты бар. Екі азамат атында жекеменшік. Бүгінгі таңда 8 учаскеге бөлініп жатыр. 8 госакт алынғаннан кейін жер учаскесін 2 азаматты шақырып, сыйға тарту шартымен мәміле жасап, рәсімдеп береміз.

← Барлық жаңалықтар