Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қонаевта әйел зорланды

Полиция бізді қауіп-қатерден қорғайды деп жүрсек, қорлайтыны да, қыздарды зорлайтыны да бар көрінеді. Қонаев қаласында шетелдік әйел тәртіп сақшыларынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Тіпті қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін заттай айғақтарын да видеодан көрсеткен-тұғын. Бірақ арыз жазуға келгенде, әлгілер қызметтік құзыретін пайдаланып, өздеріне шаң жуытпастай етіп бұрмалап жаздырған. Сосын келіншектің үйіндегі дәлелзаттардың көзін құрту үшін пәтеріне кірмек болып, терезедегі торды жұлып алыпты. Облыстық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты іс қозғалғанын, күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Бірақ қылмысқа қатысы бар деген азаматтар әдеттегідей құқық қорғау органдарына еш қатысы жоқ болып шыға келді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйелдердің арызы бойынша оқиға Қонаев қаласында болған. Бастапқы тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы мен айтылған уәждер мұқият тексеріліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу Алматы облысы ПД Тергеу басқармасына тапсырылды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

← Барлық жаңалықтар