Ақтөбенің су қоймасынан құс пен балықтың өлекселері табылды.
Олардың неден қырылғаны әзірге белгісіз. Су бетіне қалқып шыққандарды әуелі өзенге серуендеуге келгендер байқапты. Осы оқиғадан кейін экологтар мен жауапты мамандар іске кірісті. Өзенді жағалай үш жерден сынама алып, зертханаға жіберген. Тұрғындардың айтуынша, жақын маңда құс фабрикасы бар. Содан шыққан қалдықтар өзенге құйылып, тіршілік атаулыны сеспей қатырды деседі жұрт.
Талап Ұснадин, Облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:
Су сынамаларының өз тәртібі бар, ол 4-5 күннен кейін дайын болады. Сол жерде табылған төрт құс бұдан бұрын өліп қалған сияқты. Ал балыққа қатысты жаппай қырылған балық табылған жоқ.
Ақбаян Сұлтанмұрат