Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Кореяда отандасымыз қаза тапты

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы қаза тапты. Қайғылы оқиға Сеулдің Сочхо ауданындағы құрылыс алаңында болған. 30 жастағы жігіт ғимараттың 23-қабатында тазалау жұмыстарының басталуын күтіп тұрған екен. Сол кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылып, оның үстіне құлаған. Қатты соққы салдарынан сол жерде көз жұмды. Кореяның Еңбек министрлігі ғимараттағы жұмысты уақытша тоқтатыпты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Сеулде осындай жазатайым оқиғаның болғанын растады.

ЖАНБОЛАТ ҮСЕНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сыртқы істер министрлігі Сеулдегі құрылыс алаңында орын алған жазатайым оқиға нәтижесінде Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растайды. Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

← Барлық жаңалықтар