Мазмұнға өту
· 13 қаралым

5 млн теңге бопсалаған

Түркістан облысының тұрғыны 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. 38 жастағы ер адам Шымкент тұрғынын «ақша бермесең, жеке мәліметтеріңді таратамын» деп қорқытқан. Қорлығы өткесін жәбірленуші полицияға арызданып, тәртіп сақшылары қаскөйді қылмыс үстінде қолға түсірген. Оның бұған дейін ұрлық жасағаны және есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

← Барлық жаңалықтар