Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап әкетіп, жалғыз баспанасын тартып алмақ болғандардың ісі сотқа жолданды. Қала прокуратурасының мәліметінше, соқталдай үш ер адам зейнеткерді бірнеше күн бойы ұрып-соғып, үйін өз аттарына жазып беруге мәжбүрлеген.
КҮДІКТІ:
Похитил человека, удерживал у себя дома. Я похитил человека, я осознаю свою вину.
Бұл оқиға биыл сәуір айында болған. Түркісіб ауданында тұратын жалғызбасты қарияның жоғалып кеткені туралы полицияға танысы хабарлапты. Бірден іздеу жұмыстарына кіріскен сақшылар зейнеткерді қала сыртындағы ауылдардың бірінен тапқан. Оны ұрлады деген күдікпен үш адам қолға түскен: екеуі еркек, біреуі әйел. Күдіктілердің түпкі мақсаты зейнеткерді жалғыз баспанасынан айыру болған. Айта кетейін, адам ұрлау бабы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.