Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Сот төрағасы сотталды

Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің? Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды. Әділдікті ту етуге тиіс сала мамандарының өзі қыркүйекте пара алып ұсталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды кабинетінде қолға түсірген еді. Содан бері тергеу жүріп, ақыры қос азаматтың сыбайлас жемқорлыққа барғаны дәлелденіпті. Қарашаның тағдыры тұрғанда құлқынның қамын күйттеп кеткен Әбдіқалықов пен Бертай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

← Барлық жаңалықтар