Полицейлер жол қозғалысына бақылауды күшейтіп, бір аптаның ішінде 10 мыңға жуық құқықбұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде 201 адам ащы суға тойып алып көлік айдаған. Жетісу облысында шетелдік көлікті тізгіндеген мас жүргізуші ұсталып, 15 тәулікке қамалды. Ал Астана, Қостанай және Шымкентте жол бойында дрифт жасап, жүгенсіз кеткен жүргізушілер ұсталып, заң аясында жазасын алды. Сондай-ақ 21 қыркүйектен бері 13 мыңнан астам заңсыз жазулар мен граффитидің көзі жойылды. Алты мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.