Түйені түгімен жұтқандар темір торға қамалды. Алматыда 90 мыңға жуық адамды тақырға отырғызған «Асар Баспана» қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. Іс бойынша негізгі ұйымдастырушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш азамат 7 жылға сотталды. Қалғандарына жасы, отбасылық жағдайы және қылмыстағы рөлі ескеріліп, шартты жаза тағайындалды. Тергеу барысында компания салымшылардан 25 миллиард теңге жинағаны анықталды. Айта кетейік, күдіктілер 2023 жылы кооператив атын жамылып, халықтан ақша тартудың заңсыз схемасын құрған. Олар азаматтарға табыс табуды, баспана мен автокөлік алуды уәде еткен.