Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Атом саласы — экономиканың жаңа бағыты

Елімізде атом өнеркәсібін дамытуға басымдық берілмек. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Жиында 2050 жылға дейінгі жоспар жан-жақты талқыланды. Мәселен, жаңа уран учаскелерін іздеу, геологиялық барлау жүргізу және елдің минералдық-шикізат қорын арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ Үкімет басшысы атом энергетикасын нығайту ел экономикасының ұзақмерзімді әрі тұрақты өсуі үшін маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдарға өндірістік әлеуетті арттырып, кен орындарын игеруден түсетін қаржылық пайданы көбейту жөнінде тапсырмалар берілді.

← Барлық жаңалықтар