Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Оман сұлтаны Астанаға келді

Бас қалаға бүгін алыстан мейман келді. Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың арнайы борты Астанаға табан тіреді. Мәртебелі мейманды әуежайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

ҚЫРМЫЗЫ ЖАНДОС, ТІЛШІ:

Елордаға мәртебелі мейман келді. Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтың арнайы борты Астанаға келіп қонды. Әуежайда Сұлтанды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Осылайша, екі ел арасындағы байланысты жаңа белеске көтеруге бағытталған екі күндік мемлекеттік сапар басталды.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Оман басшылары бизнес форумға қатысады. Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселелерін талқылайды.

Қазақстан мен Оманды отыз жылдан астам уақытқа созылған дипломатиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазір бұл байланыс нақты экономикалық жобалармен де толығып келеді: 2005 жылдан бері Оманнан Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 273 миллион доллардан асты. Биыл сәуірде екі елдің инвестициялық институттары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ертеңгі келіссөздер осы серіктестіктің алдағы бағытын айқындамақ.

← Барлық жаңалықтар