Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Алаяқтар студенттердің картасын пайдаланып жатыр

Қарапайым шәкірттердің картасында миллиондар қайдан жүр? Семейде алты студенттің банк картасы интернет-алаяқтардың схемасына пайдаланылған. Мәселен, бір ғана жастың есепшотына 25 адамнан 16 миллион теңгеден астам ақша түскен. Бұл былықты Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері анықтапты. Ведомствоның мәліметінше, студенттердің карталарына түскен қаражаттар кейін бірнеше есепшотқа бөлініп жіберілген. Содан соң қолма-қол ақшаға айналдырылып, заңсыз қаржылардың қайдан түскенін жасырып отырған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтыды. Тергеу жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар