Мазмұнға өту
· 22 қаралым

Қазақстандықтардың қарызы көбейіп барады

Қазақстандықтардың қарызы көбейіп барады.

Ұлттық банктің есебінше, былтыр азаматтар табысының шамамен 4 пайызын берешегін өтеуге жұмсаған. Ал биыл алғашқы жартыжылдықтың соңында бұл көрсеткіш 6 пайыздан асты. Сондай-ақ қаржыгерлер биыл шығынын азайтып, ақша жинайтындардың үлесі біршама өскенін айтады. Бірақ бұл қаржылық жағдай толық жақсарды деген сөз емес. Өйткені несие төлеуге жұмсалатын шығын да артқан. Оның үстіне, бір адамға шаққандағы орташа берешек халықтың атаулы табысынан жылдамырақ өсіп келеді. Яғни жұрт қаражат жинауға көбірек көңіл бөлгенімен, қарыз жүктемесі де қатар өсіп отыр, дейді мамандар.

Бекжан Қуандықов, Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылық саясаты басқармасының басшысы:

2025 жылдың қаржылық тұрақтылық есебін таныстырамыз. Ол есеп негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім макроэкономикалық саясатқа байланысты болса, екінші бөлім банктердің және микроқаржы ұйымдарының тәуекелдерін талдауға арналған. Үшінші бөлім өтімділік және қаржыландыру тәуекелдеріне байланысты болады.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар