Мазмұнға өту
· 30 қаралым

Бұрынғы бас қолбасшы қамауға алынды

Каспийдегі трагедиядан кейін әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамалды.

Оған қызметіне салғырт қарады деген айып тағылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Дауылды күні бүтін бір ротаны долы теңізге жіберген шенеунік қазір уақытша ұстау изоляторында екен. 14 сарбаздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде тіркелген еді. Ал Қанат Ниязбеков өткен сенбіде Президенттің пәрменімен қызметінен босатылған.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар