Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Алматы тауларында жоғалған қария әлі табылмады

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы сегіз күннен бері табылмай жатыр.

73 жастағы қарияны іздеу-құтқару жұмыстарына 130 адам, 10 техника, тіпті 11 дрон тартылған. Турист топпен бірге аспалы жолмен Шымбұлақтың 3 200 метр биіктігіне көтеріліп, кейін жалғыз кеткен. Бірақ қонақүйге келмепті. Жанындағылар 112 пультіне тек ертеңіне, яғни 29 қыркүйек күні хабар берген. Содан бері төтенше жағдайлар департаменті күндіз-түні дамыл таппай іздеуде.

Оны іздеуге бүгін тағы 8 кинолог пен Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы да қосылды. Құтқарушылар шатқалдар мен тау беткейлерінің жетуі қиын аумақтарын тексеруде. Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысы бойынша мамандар 164 іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп, 217 адамды аман алып түскен. Оның 42-сі бала.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар