Мазмұнға өту
· 21 қаралым

Мешіт имамы қамшымен бала сабады

Алматы облысында мешіт имамы балаларды аяусыз ұрып, қамшылаған. Діни сауатын ашпақ болған жасөспірімдер байқаусызда кітап сөресінің әйнегін сындырып алыпты. Ашуғa булыққан ұстаз қамшыны бүктеп, ұлдарды біртіндеп тұрып сабаған. Кейбірін қуып жүріп төмпештегені бейнебақылауға түскен. Қатал мұғалімнен қорыққандар «енді қайталамаймын» деп жанұшыра жалынған. Оқиға Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде болған. Ата-аналар жазғы демалыста балалары бос жүрмесін деп «Имани жаз» тегін курсына береді. Дін өкілінің бала сабағанын мешіттің наиб имамы да көріпті, бірақ басшылыққа жеткізбеген.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ, МӘЛІМДЕМЕ:

Дүйсехан Нұрберді өз қателігін мойындап, өкініш білдіріп, ата-аналардан кешірім сұрады. Ата-аналар тарапынан кешірім беріліп, дау-шағымдарының жоқтығы жөнінде жазбаша және видео үнтаспа, қолхаттар алынды. ҚМДБ-ның №2290 бұйрығына сәйкес Дүйсехан Нұрберді мешіт ұстазы қызметінен босатылды. Наиб имам Ашуров Акмал өз өтініші негізінде басқа мешітке ауыстырылды.

← Барлық жаңалықтар