Мазмұнға өту
· 57 қаралым

Смартфонды пайда табу құралына айналдыру керек

Смартфондарды қолымыздан күндіз-түні тастамай, болмайтын видеоленталарды ақтарып, көз майымызды таусатынымыз жасырын емес. Уақытты зая кетірмей, еліміздің кез келген тұрғыны, әсіресе жастар гаджетті дұрыс бағытта пайдалануы қажет. Бірақ шындығына келгенде, өскелең ұрпақтың телефонды кәдеге дұрыс жаратып жүргені некен-саяқ. Сондықтан Жолдауда Президенттің дәл осы бағытта айтқан пікірінен нәтиже шығарғысы келетін жастар баршылық. Мәселен, қазір үйден шықпай-ақ, түрлі курстарды оқып, онлайн жұмыс істеуге толық мүмкіндік бар. Тіпті іздеген кітабыңның неше түрі ғаламторда тегін сіресіп тұр. Ол үшін тек ерінбей, ниетті түзеп, іске кірісу керек.

ҰЛЖАЛҒАС ШӘКІР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазіргі таңда әлеуметтік желіге тәуелділік, бос уақытымызды осындай жақсы дүниелерге емес, оқуға, дамуға емес. Бос дүниеге өткізіп жататын жастарымыз көптеп кездеседі. Осы мәселелер бойынша біз цифрлық технологияларды дұрыс бағытта қолдануымыз керек. Яғни дамуға жұмсауымыз керек, кітап оқуға болсын.

← Барлық жаңалықтар