Мазмұнға өту
· 56 қаралым

Тікелей эфирде «шіренгендер» қамалды

Өздерін «дүниені тіреп тұрғандай» сезініп, әлеуметтік желіде құқық бұзған шымкенттік екі жігіт қолға түсті. Көліктерінің терезесін қап-қара қып күңгірттеп, Тиктокта «арқа сүйер ағаларына» сеніп мақтанғандардың дәурені ұзаққа бармады.

Маған ағаларым «тек екі затты істеме» деді. Адам өлтірме, қыз зорлама. Қалғанының бәрі болады дейді.

Желіде тікелей эфирге шыққан олар қайда бара жатқандарын мақтанышпен көрсетіп, «тәртіп сақшылары тоқтатса, ерегісеміз» деп көкірек керген. Тіпті бәрін видеоға түсіріп, шіренген. Алайда полиция қызметкерлері көп ұзамай екеуінің де өрекпіген екпінін басты. Көлік бірден айыппұл тұрағына жөнелтіліп, терезедегі заңсыз үлдірді жігіттердің өздеріне сыпыртты. Осылайша, 18 жастағы жүргізуші 10 тәулікке, ал жанындағы серігі 5 тәулікке қамалды.

← Барлық жаңалықтар