Мазмұнға өту
· 47 қаралым

5 жасар баланы ұрып өлтірген

Қостанай облысында 5 жасар бала соққыға жығылып, көз жұмды. Сұмдық оқиға Әулиекөл ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қаршадай перзентін ұрып-соққан өз әкесі көрінеді. Алайда полицейлер күдіктінің кім екенін ашып айтпағанымен, оның қылмыс жасалған күні-ақ ұсталғанын жеткізді. Ал осы өңірдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Несібелі Бәсенованың мәліметінше, бала балабақшаға тұрақты барып жүріпті. Ол биылғы наурыз айынан бері әкесінің қолында тәрбиеленген екен. Оған дейін әжесінің қарауында болған. Ал анасы бұған дейін ата-ана құқығынан айырылған көрінеді. Қазір құзырлы органдар бұл отбасының арнайы есепте тұрған-тұрмағанын тексеріп жатыр.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Бұл факт бойынша Әулиекөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Сол күні күдікті ұсталып, оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі, яғни жас баланы өлтіру бойынша сараланды. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

← Барлық жаңалықтар