Мазмұнға өту
· 49 қаралым

Оқушылар ет пен тауықтан уланған

1Әйгілі білім ордасындағы жаппай уланудың себебі белгілі болды. Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары ет пен тауық орамасынан ұшынған. Мамандар арнайы тексерістен кейін осындай қорытындыға келді. Асханадағы дайын тағамдар мен ыдыс-аяқтардан ішек таяқшасы табылған. Ол аздай, мұнда жұмыс істейтін 38 қызметкердің төртеуінен стафилококк анықталыпты. Қазір олар жұмыстан шеттетілді. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, инфекция тағам арқылы таралған. Тексеріс кезінде асханадан өрескел заң бұзушылықтар әшкереленді. Азық-түлікті сақтау талаптары мүлдем сақталмаған, ас үй құралдары таңбаланбаған және қажетті жабдықтардың бір бөлігі атымен жоқ болып шыққан. Тіпті оқушыларға берілген нақты ас мәзірі құжаттағы тізімге мүлдем сәйкес келмейді екен.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қазіргі уақытта оқушылар күзгі демалыста. Екінші тоқсанда сабақтар уақытша қашықтан оқыту форматында жалғасады. Дәстүрлі оқу форматына көшу мәселесі барлық қажетті санитариялық-профилактикалық жұмыстар толық аяқталып, санитариялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілгеннен кейін қарастырылады.

Еске салсақ, келеңсіз жағдай қазанның 12-сі күні болған еді. Сол кезде 58 бала ауруханаға жатқызылып, мыңға жуық жеткіншек дәрігерлердің бақылауына алынды. Осы оқиғадан кейін асхана 60 күнге жабылды.

← Барлық жаңалықтар