Қымбат көлігімен көшенің ортасында ойына келгенін істегендер қамалды. Астанада Республика даңғылында топ болып жарысып, айналасындағы машиналарға қауіп төндірген жігіттер жол қозғалысын қиындатып, кептеліс тудырған. Қоғамдық қауіпсіздікті кірпік қақпай қадағалап отырған полицейлер елірген жүргізушілерді бірден тауып алыпты. Олардың біреуі Қарағандының тұрғыны екен, қалған үшеуі астаналық. Төртеуін апарып бес тәулікке қамап тастады. Қарап жүріп басына бәле тілегендердің әрекеті өзге жүргізушілерге сабақ болса дейді тәртіп сақшылары.