Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Құрылыс алаңында краншы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында мұнаралы кран құлап, оны басқарып отырған адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Байтерек ауданының Мичурино ауылындағы құрылыс алаңында болды. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде ол ауыр техниканың кабинасында отырыпты. Қатты соққыда сол жерде тіл тартпай кеткен. Қазіргі таңда полицейлер іс қозғап, оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Еңбек қауіпсіздігінің қаншалықты сақталғаны тексерілуде.

← Барлық жаңалықтар