Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Үш тасжолда жаңа камералар іске қосылды

Тасжолда жүйткіп, жылдамдықты шамадан тыс арттыратын жүргізушілерге тықыр таянды. Бүгіннен бастап еліміздегі тағы үш бағытта көліктің орташа жылдамдығын бақылайтын жүйе іске қосылды. Атап айтқанда, Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал тасжолдарына бақылау құрылғылары қойылды. Жүйе автокөліктің екі бейнекамера арасындағы жолды қанша уақытта жүріп өткенін есептейді. Егер жүргізуші жылдамдықты асырса, ереже бұзғаны тіркеледі. Сондықтан Ішкі істер министрлігі азаматтарға трассада мұқият болуды ескертеді.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз үшін әрқайсыңыздың үйге аман-есен жеткеніңіз маңызды. Қазір қараша айы, күн ерте батады. Жолда көктайғақ, тұман, қар болып тұрады. Сондықтан жол бойы жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Және ауа райына қарай жылдамдықты таңдаңыз. Сіздерді үйде күтеді. Өздеріңізді де, жақындарыңызды да сақтаңыздар!

← Барлық жаңалықтар