«Ахи», «ухти», «абла», «аби»! Соңғы жылдары діндарлар арасында сәнге айналған арабша сөздерге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үндеу жасады. Мүфтияттағылар бұл діни сөздерді қазақтың «бауырым», «әпкем», «ағам» деген атауларымен айтқанымыз жөн дейді. Өйткені, тарихи болмысымызды жоғалтпай, ана тіліміздегі қалыптасқан ұғымдарды орнымен қолдануымыз қажет. Ал ораза кезінде жиі қолданылатын «ифтар», «сухур» дегенді ежелден халқымыз «ауызашар», «сәресі» деп атайтынын да еске салды.