Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Мұғалімдердің жүктемесі азаяды

Мұғалімдерді артық жүктемеден арылтатын заң жобасы әзірленді. Бұл жайлы Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның айтуынша, білім саласы цифрландырылғанымен, педагогтердің жұмысы әлі де жеңілдер емес. Бұрын қағазға толтырған есеп-қисап енді электронды жүйеге көшкені болмаса, міндеттері сол күйі қалған. Мемлекет басшысы да бұл мәселеге назар аударып, ұстаздарды артық жұмыстан босатуды тапсырған еді. Енді халық қалаулылары осы түйткілді заң жүзінде шешпек. Жаңа құжат әзірге Үкіметтің қарауына жіберілмепті. Депутаттар заң жобасын жолдамас бұрын озық мектептердің тәжірибелерін зерттеуді жөн көріпті.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Құрылтайдың бір топ депутаттары арнайы заң жобасын президенттің тапсырмасын орындау мақсатында дайындадық.01:03 Осы жұмыстың шеңберінде бүгін біз осы жобалық офиспен зияткерлік мектепке шығып, білім бағыты бойынша бүгін талқылап жатырмыз. 01:02.

Ал депутат Шолпан Қаринова қағазбастылықты азайтумен шектелмей, мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуіне де жағдай жасау қажет дейді. Ол үшін цифрлық платформаларды кеңінен қолдануды ұсынды.

ШОЛПАН ҚАРИНОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

НИШ жүйесіндегі пайдаланып келе жатқан онлайн платформаларды, оның ішінде мұғалімдердің сабақты бірге жоспарлап, цифрлық платформада бірнеше мұғалімнің сабақты бірігіп жоспарлауы, бірге өткізіп, оны талдау жұмыстары мұғалімнің кәсіби өсуін де және оқушылардың білімін арттыру үшін тиісті ұстанымдардың қалыптастырғанын көріп отырмыз. 02:00.

Одан бөлек, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ұл-қыздарды волонтерлік жобаларға тарту мен оқушылардың тәртібі, буллингтың алдын алу жайы да сөз болды.

← Барлық жаңалықтар