Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 22 қаралым

Халық кеңесінде жаңа бастамалар талқыланды

Білім сапасын арттырып, ғылымға тың серпін беру керек.

Қазақстан Халық кеңесінде оқу-ағарту, ғылым және адами капиталды нығайтуға қатысты 66 бастама қаралды. Жиында мамандарды даярлау, жастарды жұмыспен қамту және білікті кадрларды өңірлерде тұрақтандыру мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшелері ғылымды қаржыландыруды арттырып, зерттеушілерге қолдау көрсетуді ұсынды. Сондай-ақ мектеп психологтарының жұмысын күшейтіп, балалар арасындағы буллингтің алдын алу мәселесі көтерілді. Бұдан бөлек, Ақмола облысында Smart City пилоттық бастамасын іске қосу және құмар ойынға тәуелділіктің себептерін зерттеу ұсынылды.

Жиында айтылған ұсыныстар жүйеленіп, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданбақ.

Мұрат Әбенов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі: «Халық кеңесінің басты мақсаты — елмен кеңесу. Мен өзім «Кеңес ел» деген жобаны ұсынып жатырмын. Мен басқаратын комитет — білім және адами капитал комитеті. Бұл жерде өте көп мәселе бар: мектептегі жағдай, колледж, университеттер, кадрларды дайындау. Алдағы уақытта халықтық құрылыс басталады».

← Барлық жаңалықтар