Елдегі республикалық жолдардың жай-күйі енді толық цифрлық бақылауда болады.
Қай учаске қашан жөнделді, оған қанша қаражат жұмсалды, жұмысты қай мердігер атқарды, қандай материал пайдаланылды — осы мәліметтің бәрі бір базада жинақталады.
E-Joldar деп аталатын бірыңғай платформа саладағы 12 ақпараттық жүйені біріктіріп, 41 мың шақырымнан астам автожолды бақылауға мүмкіндік береді.
Жүргізушілер үшін де тиімді тұсы бар. Олар сапарға шықпас бұрын баратын бағыттағы трассаның жағдайын біліп, жанармай бекетін, демалыс орнын немесе тамақтанатын жерді оңай таба алады. Бұл ауқымды жобаны 2027 жылдың жазында іске қосу жоспарланған.
Қуат Құдайберген