Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

«Самұрық-Қазына» басшысы қамалса да, екінші қызметінен кеткен жоқ

«Самұрық-Қазына» басшысы қамауға алынса да, екінші қызметін сақтап қалды. Әл-ауқат қорымен қатар, Су спорты федерациясын басқарған Нұрлан Жақыпов әлі лауазымынан босатылмапты. Бұл туралы Туризм және спорт министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, федерация басшысына қатысты түпкілікті шешім тергеу аяқталған соң қабылданады. Ал әзірге атышулы шенді қызметінен шеттетілмейді. Еске салайық, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлық жасады деген күдікпен «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларын ұстаған еді.

← Барлық жаңалықтар