Тарихи жәдігерлеріміз АҚШ-тағы көрмеге қойылуы мүмкін! Бұл бастама мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Американың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтың кездесуінде талқыланды. Басқосуда екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы айтылды. Бұдан бөлек, ведомство басшысы елшіге онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты заңнамалық өзгерістерді де таныстырды. Ол балаларды интернеттегі қауіптен қорғауға, заңсыз контенттің таралуын шектеуге бағытталған бастамалар. Сондай-ақ мемлекет басшысының желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуы да сөз болды.