Қауіпті трюк сәтсіз аяқталды.
Қарағанды циркінде акробат бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға әртістер күрделі өнер түрін көрсетіп жатқанда болған.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам жоғарыға сақтандыру арқанынсыз шығыпты. Зардап шеккен акробаттың жамбас сүйектері сынған. Қазір ол ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр.
Ал цирк жүргізушісі көрермендерге барлығы жақсы екенін айтып, қойылымның әрі қарай жалғасатынын жеткізді.