Бүтін бір аурухана қызметкерлері бас көтерді. Көкшетаудағы көпбейінді аурухананың қырыққа жуық дәрігері жұмыс істеуден бас тартып отыр. Ақ халаттылар облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұжымдық хат жазып, бірқатар талап-арыздарын тізіп шыққан. Сонда дәрігерлерді алаңдатқан не мәселе? Ақ халаттылар арызбен әлек болып жүргенде, науқастардың жайы не болмақ? Күллі көкшені аяғына тік тұрғызған түйткілдің мән-жайын телеарна тілшісі анықтап көрді.