Солтүстік Америкадағы футбол тойы ақырындап қызып келеді. Бүгін топтық кезеңнің екінші тур ойындары мәресіне жетеді. Қазірдің өзінде күні бұрын келесі кезеңнің мәселесін шешіп қойған құрамалар белгілі. Ал Норвегияның көшбасшысы Эрлинг Холанд жарыс фавориттеріне қатысты пікір білдірді. «Манчестер Ситидің» сұрмергені Сенегал құрамасымен өткен матчтан соң тілшілерге сұхбат берген. Соңғы турда скандинавиялықтар Килиан Мбаппе бастаған Франциямен квартеттегі бірінші орын үшін таласады. Өз ойын қорытындылай келе Холанд «Үш жолақтылар» елі Норвегия ұжымын ұтып, түптің түбінде кубокты төбелеріне көтеруі мүмкін екенін мәлімдепті. Айта кету керек, өзінің алғашқы әлем біріншілігіне келген «Асау-сары» екі ойында 4 гол соғып үлгерді.