Перейти к содержимому
· 10 просмотров

Футболшылар жаппай уланды

Жарысқа барып, жаппай уланды. Ташкентте футбол турниріне қатысқан қарағандылық жас спортшылар ауруханадан бір-ақ шықты. Бүгін таңертең Өзбекстан астанасындағы инфекциялық стационарға 16 бала, бір жаттықтырушы мен 11 ата-ана жатқызылып, ем қабылдаған. Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендер Ташкент қаласындағы «G’ayrat Hoji ota hotel» қонақүйінде тұрып, сол жерде тамақтанған көрінеді. Болған жағдайға қатысты қажетті сараптамалар әзірленіп жатыр.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ:

Қазіргі уақытта 11 бала мен үш ата-ана дәрігерлердің бақылауында. Спортшылардың, ата-аналар мен жаттықтырушылардың бір бөлігі, яғни 15 адам, сағат 15:10-да Ташкент әуежайынан Астанаға ұшты. Қалған азаматтар ертең, 3 қарашада, Түркістан–Павлодар бағытындағы пойызбен Қарағандыға жетеді.

Айта кетейін, «Dostik Cup» халықаралық футбол турнирінде Қарағанды облысының намысын 2014, 2018 және 2019 жылы туған жекеменшік футбол мектептерінің командалары қорғады.

← Все новости