Перейти к содержимому
· 63 просмотра

Шымкентте жаңа клиника ашылды

Шымкентте көз ауруына шалдыққан науқастарды қабылдайтын су жаңа клиника ашылды. Бұл мекеме 1934 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Алматы Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының оңтүстік өңіріндегі бөлімшесі болып табылады. Енді көз жанарының ақауы бар жандар ем-дом алу үшін өзге өңірлерге немесе шетелге шабылып жүрмейді, — дейді емдеу мекемесінің мамандары. Керісінше, Шымкенттің өзінде білікті дәрігерлер көзіңізді толық тексеруден өткізіп, керек десеңіз ота да жасап береді. Толығырақ тілшіміздің келесі сюжетінде.

← Все новости