Арзанның сорпасы татымас! Ақтөбеде тұрақтандыру қорының картобы қоймадан дүкен сөресіне жеткенше шіріп кеткен. 78 миллион теңгеге сатып алынған картоп, жарамсыз. Бұл қалай? Жұмбақтың шешуін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядағылар да, дүкен басшылары да әлі күнге таба алмай дал. Бұл істің мән-жайын тілшіміз келесі сюжетте тарқатады.