Перейти к содержимому
· 46 просмотров

Жергілікті шенеуніктер арасында жаңа челлендж

Өңірдегі атқарушы билік өкілдерінің бірі бастаған эстафетаны әріптестері кезек-кезек қолдап, жұртты таңқалдыруда. Таң қалатын себебі олар «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегенді жоққа шығарып отыр. Сонымен, елді елең еткізген челлендждің шарты оп-оңай. Жаз бойы жатасың, құр жатпайсың, қысты күтесің. Қыс түскенде, жерді әппақ қар басқанда бар техникаңды сайлап, құрал-сайманды майлап, көшеге шығасың. Сөйтесің де ақ ұлпаның үстіне жол саласың. Әппақ қарды қара асфальтпен жабасың келіп, тағы жабасың. Ақтөбе бастады, шығыс қостады, енді міне Алматы облысы бұл эстафетаны қабыл алыпты. Бұл челенджге түрткі, бірқатар басшысының басына таяқ болып тиген Талғар ауданындағы желге ұшқан бюджет қаржысына қатысты желідегі видеоны тілшіміз келесі сюжетте кеңінен тарқатады.

← Все новости