Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерін алу одан әрі жеңілдей түсті. Енді бұрынғыдай кезек күтудің қажеті жоқ. Қор жұртшылыққа онлайн қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіре түсті. Енді бөлімшеге бармай-ақ, санаулы сәтте зейнетақы шотынан үзінді көшірме мен қамсыз қарттыққа жиналған қаржы туралы толық мәлімет алуға болады. Қордағы жаңа қызметтер туралы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.