Қаңтар оқиғалары кезінде бейбіт шерулерді пайдаланып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған бірқатар қылмыстық топтар мен олардың жетекшілері қолға түсті. Бүгін ішкі істер министрлігінде хабарлағандай Криминалдық полиция департаменті өңірлік бөлімдермен бірлесе отырып Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жедел іздестіру шараларын өткізген.