«Жаз болса, жарқыраған көлдің беті» Жайдары мезгіл жақындаған сайын көк шығып, айнала көркейеді, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзып, түн ішінде бақырып, жайғасқан жерінде қақырып отыратындар көбейеді. Артынан күл-қоқсығын шашып кететіні тағы бар. Бір ғана Алматы бойынша соңғы 4 айда 20 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліпті.