Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Бүгінде таңмен таласа оянатындар көбейген. Бірақ олардың кейбірі ырыс іздеп емес, тренд қуып жүр. Сағат 5-те тауға шығып, кітап оқып, спортпен шұғылдану сәнге айналды. Ұйқыны зерттейтін сомнологтар бұның қаншалықты қауіпті екенін айтты.