“Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген. Оқ даусы мәңгілік жойылсын.” Көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні бұл. Дүниедегі ең зұлым әрекет соғыс екенін бір сөзбен-ақ сездіріп тұрғандай. Иә, майдан даласында жүріп талай ақынның жүрегінен жыр төгілді. Әнге айналғандары қаншама. Сол отты жылдардағы туындылар әлі күнге дейін рухымызды көтеріп келеді.