Ұшқышсыз басқарылатын дрондар жұртты әбігерге салды. Германияда осы құрылғылардың кесірінен Берлиннің Халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Лондон, Манчестер, Хельсинкиден келген рейстер қонатын жер таппай, елдің көрші әуежайларына жіберілген. Ал, АҚШ-тың Огайо штатында жеткіншектер арасында атыс болды. Бесіктен белі шықпай жатып қолына қару алған балалар 9 адамды жер жастандыра жаздады. Барлығы жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті.