Шығыстағы көршіміз қара жамылды. Қытайға қарасты Гонконг әкімшілік аймағында бірнеше блоктан құралған тұрғын үй өртеніп, халық қырылып қалды. Тілсіз жау құрбандарының саны соңғы сағаттарда 55 адамға жетті. Бұл сан бірнеше есе өсіп кетуі мүмкін. Себебі, 280 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Апатқа байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтып, жеделхат жолдады.