Жұмысшы мамандықтар жылы да аяқталып келеді. Мемлекет басшысының жарлығымен биыл еңбек адамдары дәріптелді. Олардың мәртебесі артып, статусы жоғарылады. Соның нәтижесінде қарапайым қызметкерлер еңсесін тіктеп, қоғамның маңызды бөлшегі екенін сезіне алды. Біраз істің түйіні ретінде бүгін әр өңірдегі еңбек адамдары марапатталып, жылды қорытындылапты.